Қазақстандықтар күн тұтылуын көре алады

Авторы: Qyzyljar News

25 қазанда Күн жартылай тұтылады. Қазақстандықтар бұл құбылысты барлық өңірден байқай алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ел тұрғындары Айдың Күнді уақытша 60-80%-ға жапқанын көре алады. Фесенков атындағы астрофизикалық институттың жұлдыздар мен тұмандықтар физикасы зертханасының меңгерушісі Любовь Шестакова қай қалаларда құбылыс жақсы көрінетінін де салыстыра болжады.

– Алматыда Күн тұтылуының басталуы жергілікті уақыт бойынша 16:26 мен 17:35 аралығында болады. Максималды фазасы 76%-ды құрайды. Бірақ қазір кеш ерте болатындықтан Күннің көкжиектен биіктігі небәрі 3 градус болады. Ақтөбе қаласының тұрғындарына көбірек анық көрінбек. Онда күн тұтылу жергілікті уақыт бойынша 14:52-де басталды. Максималды фазасы 80 % күннің 15 градустық биіктігінде сағат 16:07-де көруге болады, — деді Любовь Шестакова.

Қазақстанның қалаларында күн тұтылуын әр түрлі уақытта көруге болады. Мысалы, Астанада – 16:06 (83%). Кеш батқан кезде ай күн бетін қайта ашады. Петропавлда (80%) – 17.08-де, Павлодарда (79%) – 17:18-де, Орал қаласында (71%) – 16.00-де, Атырауда (69%) – 16.07-де, Шымкентте (69%) – 17.32-де.
Астрономдар бұл табиғи құбылысты дәнекерлеушілерге арналған көзілдіріктер арқылы бақылау айрықша көріністі қанығырақ көрсететінін айтады

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz