Орталық сайлау комиссиясы «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Салтанат Тұрсынбекованы кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов атап өткендей, Салтанат Тұрсынбекова ұсынған құжаттардың барлығы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келеді. Атап айтқанда, кандидат Орталық сайлау комиссиясына кандидаттың мүлкі мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасын, сондай-ақ президенттікке кандидат ретінде тіркелуіне кедергі келтіретін ауруларының жоқтығы туралы анықтаманы табыс етті. Сенім жүктелген тұлғалар кандидатты қолдап қол жинады.
Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес, Қазақстан президенттігіне кандидатты қолдауға сенім білдірілген тұлғалар еліміздің 18 өңірінде 119 316 азаматтың қолын жинады. Барлығы тексеріліп, оның 118 434-і сенімді деп танылды. Яғни, бұл тіркелген сайлаушылар санының 1%-на тең.Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, Салтанат Тұрсынбекова мемлекеттік тілді білу жөніндегі лингвистикалық комиссияның емтиханынан өтіп, тіркелгеннен кейін оған Қазақстан президенттігіне кандидаттың куәлігі табыс етілді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы президентін кезектен тыс сайлау 2022 жылғы 20 қараша өтеді.