Халықтық коалицияның 20 мыңнан астам байқаушысы арнайы дәріс алып жатыр

Авторы: Qyzyljar News

Халықтық коалицияның 20 мыңнан астам байқаушысы президенттік сайлау күні дауыс беру барысын бақылайды. Олардың барлығы Саяси менеджмент академиясы әзірлеген оқыту курсынан өтіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның нақты ұстанымы – алдағы президенттік сайлау тек қана заң талаптарына сай өтуі тиіс. Электоральды процестің әділ және ашық өтен қамтамасыз ету үшін Саяси менеджмент академиясы байқаушылар үшін арнайы курстар ұйымдастырды.Академия директоры Данияр Мұқитановтың айтуынша, сайлаудың ашық өтуі үшін байқаушылар шешуші рөл атқарады.

– Әрбір байқаушы өз жұмысын дұрыс және заңды түрде жүзеге асыру үшін өз құқықтары мен міндеттерін нақты білуі тиіс. Оларға ең алдымен үйрететініміз – заңдық тұрғыдағы мәселелер. Біз барлық бағыттар бойынша әдістемелік құралдар әзірледік, оларды оқу аяқталғаннан кейін әрі қарай жұмыс істеу үшін әрбір байқаушыға үлестіреміз, — деді ол.

Дауыс беру күні Халықтық коалицияның байқаушылары еліміздің барлық сайлау учаскесінде жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz