ОСК оппозиция кандидаты Нұрлан Әуесбаевты тіркеді

Авторы: Qyzyljar News

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан (ЖСДП) ұсынылған Нұрлан Әуесбаевты Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлауда Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ОСК отырысында Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасы қаралды. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, кандидат пен оның жұбайының мүлкі мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы, сонымен қатар Әуесбаевта оған кедергі келтіретін ауруы жоқ екенін растайтын медициналық анықтама тапсырылды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес кандидатты қолдауға уәкілетті тұлғалар еліміздің 15 өңірінде 120 908 азаматтың қолын жинады. Барлық қол тексерілді, оның 119 197-сі дұрыс деп танылды, яғни сайлаушылар тізімінде тіркелген санның 1%-ын құрайтын қажет шекті мән (118 273 қол) қамтамасыз етілді. Осылайша Қазақстан президенттігіне кандидатты тіркеуге қажет барлық рәсім сақталды. Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Әуесбаевты Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

Нұрлан Әуесбаев құжаттарды ОСК-ға 7 қазанда тапсырған. Кейін ол мемлекеттік тілден емтихан тапсырып, 10 қазанда ОСК Нұрлан Әуесбаевты сайлау заңнамасының талаптарына сай деп таныды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz