Петропавлдағы жәрмеңкеге 1,1 мың тонна өнім әкелінді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. 100-ге жуық кәсіпкер шамамен 1100 тонна өнім әкеліп, тауарды нарықтағы бағадан 15-20 % арзанға саудалап жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы М.Жұмабаев көшесі бір сәтте үлкен сауда алаңына айналып шыға келді. Таңертеңнен жұрт жылына бір рет өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне ағылып, азық-түлікті арзанға алып қалуға тырысты. Халық көп, әр шатырдың маңында қызу сауда жүріп жатыр. Тұрғындар арасында әсіресе етке сұраныс жоғары. Бүгін оның 50 тоннасы жәрмеңкеге әкелінген.

– Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне облыстың барлық 13 ауданы және Петропавлдан 100-ге жуық кәсіпкер қатысып жатыр. 1100 тонна түрлі өнім әкелінді. Оның ішінде сиыр, тауық еті, май, сүт, бал, жұмыртқа, балық, көкөністер бар. Бағасы 15-20 % нарықтағы бағадан төмен. Жыл сайын күзде дәстүрлі түрде өткізіледі. Бұдан басқа облыс орталығындағы үш базарда әр сенбі сайын ұйымдастырып жатырмыз. Тұрғындар демалыс күні коммуналдық, «Алтын базар» және «Дария» деген базарларынан аудандардан әкелінген өнімді арзан бағаға ала алады», — дейді Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Тек Қызылжар ауданынан ғана кәсіпкерлер 50 тонна азық-түлік, 100 тоннаға жуық жем-шөп әкелген.

– Сиыр, құс етін әкелдік, сүт өнімдері бар. Ауданымызда бірнеше құс фермасы бар, сол себепті жұмыртқаны көп әкелдік. Қырыққабаттың келісін 80 теңгеден, картопты 100 теңгеден, құс етінің келісі 1100 теңеден, сиыр еті 1800 теңгеден сатып жатырмыз. Делдалдарсыз өндірушілердің өздері әкеліп сатып жатқандықтан баға анағұрлым арзан. Яғни көтерме бағамен тұрғындар ала алады. Жалпы аудан бойынша 300-ге жуық тауар өндіруші бар. Олардың 50 шақтысы – ЖШС-лер. Бүгін солардың 15-і жәрмеңкеге қатысып жатыр, — дейді Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Шақанов.

Ал Жұмысшы кентінде мал азығы – жем-шөп, сабан саудаланып жатыр. 300 кг бір орама шөп 5 мың теңге тұрады. Осындай сабанды 2 мың теңгеден алуға болады.СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, былтыр осындай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде шамамен 500 млн теңгенің өнімі сатылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz