Бүгін, 2022 жылдың 22 қазанында екі ел — Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Осы уақыт ішінде екі мемлекет ұзақ ғасырлық тату көршіліктің арқасында барлық салаларда – саясатта, экономикада, білім беруде, денсаулық сақтау мен мәдениетте шынайы табысты ынтымақтастық орната білді.
– Ресей-Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығы осы мерейтойдың басталу нүктесі – КСРО-ның ыдырауымен тығыз байланысты, — деді Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин.