СҚО-да экологияға зиян келтіріп жатқан 4 кәсіпорынның жұмысын тоқтату талап етілді

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының экология департаменті заңнама бұзған 4 кәсіпорынның жұмысын уақытша тоқтату туралы сотқа жүгінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО экология департаментінің басшысы Азамат Бектасовтың айтуынша, жыл басынан бері өңірде 50-ге жуық тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде заң бұзудың 100-ден астам фактісі анықталып, 47 әкімшілік іс қозғалды. Оның 40 бойынша жалпы 22 млн теңге айыппұл салынды. 4 ЖШС-ға қатысты анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін кәсіпорындар жұмысын тоқтату туралы сотқа 4 талап-арыз жолданды.

– «Қызылжар Тазалық» ЖШС экологиялық сараптама анықтаған олқылықтарды жоймаған. Сондықтан кәсіпорынның жұмысын уақытша тоқтату үшін сотқа талап-арыз жолданды. Алайда сот біздің талабымызды тоқтатты. Департамент апеляцияға беру үшін жеке шағым дайындады, — дейді Азамат Бектасов.

Егер экология департаменті жеңсе, кәсіпорын жұмысын уақытша тоқтатады. Ол барлық олқылықтарды жоймайынша тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдай алмайды. Ал бұған дейін СҚО тұрғындары жұмысына арызданған «СКО ФАРМАЦИЯ Экомед.kz» ЖШС-нің лицензиясы болмай шықты. Кәсіпорын медициналық қалдықтарды жоюға мамандандырылған.

– «СКО ФАРМАЦИЯ Экомед.kz» ЖШС-ға қатысты айтар болсам, жақында Малое Белое елді мекенінің тұрғындары осы кәсіпорынның жұмысына қатысты наразылық білдірген еді. Сараптау нәтижесінде ЖШС-ның жұмысын тоқтату туралы сотқа талап-арыз жолданды. Экология кодексіне сәйкес, қауіпті, соның ішінде медициналық қалдықтарды жоюмен айналысатын кәсіпорын онымен айналысу үшін лицензия алуға міндетті. Алайда оның лицензиясы жоқ, қолында қоршаған ортаға эмиссия рұқсаты және сәйкесінше экологиялық сараптаманың қорытындысы ғана бар. Бар материал жиналып, сотқа жіберілді. Соттың шешімімен және бітімгершілік келісімге байланысты бұл кәсіпорын лицензия алмайынша жұмыс істемеуді шешті. Егер де олар бұл келісімді бұзып жатса, онда сот орындаушылары арқылы орындау құжаты жіберіледі, — дейді департамент басшысы.

Ал «Атамекен Агро» ЖШС олқылықтарды сот істі қарағанша жойды. Экологиялық заңнаманы бұзған тағы бір кәсіпорын «Асыл логистикс» ЖШС-нің ісі сотта қаралып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz