Петропавлда әйелдер командалары арасында волейболдан ел кубогы аясында ойындар жалғасуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Валерий Елисеевті еске алуға арналған турнирге 8 команда қатысты. 26 қазанда жартылай финалдық ойындар өтті. Жергілікті «Kuanish» волейбол клубы өз алаңында «Almaty»командасымен жарысты. Қызу кездесуден кейін Солтүстік Қазақстан спортшылары алға шығып, финалға жолдама алды. Волейболшылар енді Талдықорғанның «Altay» командасымен кездеседі. Екі мықты клуб арасындағы ойын 27 қазанда сағат 16:00-де өтеді.