Петропавлда Астана мен Алматыға әуе рейстерінің кестесі өзгерді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл әуежайы рейстер кестесін өзгертеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасай отырып.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың 30 қазанынан бастап Петропавл – Астана рейсі күн сайын жүзеге асырылатын болады. Ұшып шығу 11:15-те болса, қайту рейсі 12 сағат 15 минутта. Сондай-ақ қайту рейсі күнделікті 9:15 – 10: 05 аралығында жүргізіледі. Билет құны 12 мың теңге.

Петропавл-Алматы рейсі өзінің кестесін 28 қазаннан бастап өзгертеді. Яғни аптасына 5 рет сейсенбі мен сенбіден басқа күндері жүзеге асырылады. Ұшу уақыты – 14:00, қайту рейсі – 16:00-ге жоспарланған. Алматыдан Петропавлға ұшып шығу 11: 00-де, Петропавлға ұшып келу уақыты 13:00-ге жоспарланды. Билет құны 28 мың теңге.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz