Петропавл кәсіпорындары ресейлік әріптестерімен ынтымақтастықты нығайтуда

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлға сауда-экономикалық миссиясымен Омбы қаласының 9 кәсіпорнынан делегация келді. Екі елдің бизнес өкілдерінің кездесуі Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлердің біздің өңірге келуінің басты мақсаты — жаңа іскер серіктестерді іздеп, СҚО кәсіпорындарымен және ұйымдарымен сауда-экономикалық және кооперациялық байланыстарды кеңейту болды.

— 2009 жылдан бастап қалыптасқан ынтымақтастықтың арқасында қарым-қатынасымыз барлық салада дамып келеді. Осы уақыт ішінде біз өнеркәсіптік өндірістің тұрақты өсімін көрсетіп келеміз, — деп атап өтті Омбы әкімшілігі қалалық экономикалық саясат департаменті тұтыну нарығын дамыту және сыртқы экономикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары Инесса Колесен.

Оның айтуынша, екі елдің экспорт/импорт құрылымы ұқсас. Мәселен, Омбы облысы Қазақстанға машина жасау саласы өнімдерін, азық-түлік тауарларын, шикізатты, химия өнеркәсібі өнімдерін, каучук, металдар мен олардан жасалған бұйымдарды жеткізеді. Ал Қазақстан Ресей аймағына машина жасау өнімдерін, азық-түлікті, ауыл шаруашылығы шикізатын және минералды отынды (көмірді) экспорттайды. Жалпы В2В форматында өткен Омбы компанияларымен байланыс биржасына барлығы 40-тан астам Солтүстік Қазақстан кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Омбының сауда-экономикалық миссиясы Петропавлда екі күнге жалғасады, оның шеңберінде жергілікті кәсіпорындар мен «Qyzyljar»арнайы экономикалық аймағына барады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz