Бес мыңға жуық солтүстікқазақстандық медициналық көмекке жүгінген

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған 4 839 науқас тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% — ға төмендеу байқалады. Науқастардың ең көп саны, яғни 3422 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында кездеседі.

— Өңірдегі ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай бақылау деңгейінен аспай, сырқаттанушылықтың маусымдық өсуімен сипатталады. Аймақта тұмауға қарсы иммундау науқаны жүріп жатыр. Тегін вакцинация медицина қызметкерлеріне, балалар үйлері мен қарттар үйлеріне, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балаларға эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Ресейлік «Гриппол плюс» препараты қолданылады. Жалпы 47 639 адам тұмауға қарсы екпе алды,- делінген ведомствоның баспасөз қызметі жариялаған мәліметте.

Санитар дәрігерлер ауырған жағдайда үйден шықпай дәрігер шақыруды, инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін балабақшаға, мектепке бармауды ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz