СҚО-да қарттарды қолдау айлығына орай Шал ақын ауданының ардагерлері бас қосты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Кездесуге түрлі салада еселі еңбек етіп, туған жерінің дамуы мен гүлденуі үшін маңдай терін төккен қадірлі жандар қатысты, Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шал ақын ауданының әкімі  Рахат  Смағұлов  әлеуметтік-экономикалық даму туралы баяндады. Оның айтуынша, биылғы  9 айда  ауыл шаруашылық саласы – 126.9, құрылыс жұмыстары – 109.8, Тұрғын үй-құрылыс –  101.6, инвестиция – 109.8, өнеркәсіп – 103.6 пайызды құрады. Бірінші жарты жылдықта еңбекақы қоры 4 миллиард теңгеге дейін жетіп, 25 пайызға көбейген. Сонымен қатар ауданда орташа еңбекақы 25.3 пайызға өсіп, тиісінше еңбекақы қорына түскен қаржы көлемі 26 пайызға ұлғайған. Ауданда экономикалық дамудың тағы бір айқын көрсеткіші – салық түсімдерінің өсуі. Бес жылда салық көлемі бір жарым есеге, яғни 353 миллионнан 523 миллион теңгеге дейін өскен. Одан бөлек  әлеуметтік сала да айтарлықтай дамып, жол салынып, жаңа нысандар бой көтерді.

Сөз соңында аудан әкімі қарияларға ізгі тілегін білдіріп, ауданның осыншалық дамуына ақылман қариялардың арқасы екенін жеткізді.

– Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Өздеріңіздей қарағайдай қайсар тұлғаларымыз тұрғанда ауданның еңсесі биік боларына сенімім кәміл. Біз сіздермен мақтанамыз. Қашан да ұлттық дәстүрді дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын сақтап келе жатқан сіздердің еңбектеріңіз ұшан-теңіз. Жаңа Қазақстанда жақсы күндеріміз көп болсын, – деді Рахат Смағұлов.

Іс-шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz