Ауылдардағы кездесулер жалғасуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Шал ақын ауданында болып, Жаңажол ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кездесу жайына өңір жетекшісі өзінің әлеуметтік желілеріндегі парақшасында жазды.

-5 жылда бюджеттен округтың дамуына 287 млн.тг бөлінді. Жаңажолға кіреберіс 7 шақырым жол жөнделді. Кеңесте мектепке күрделі жөндеуден өтті. Округ ауылдарының көшелеріне шамдар орнатылды.  «Азко-Жаңажол» серіктестігі Жаңажолда спорттық-сауықтыру кешенін салды.

Қазір округ тұрғындарын ауыз су мәселесі алаңдатып отыр. Биыл Жаңажол, Кеңес, Жаңаталап, Бірлік ауылдарына су құбырын тарту жұмыстары басталады. Екі жылдық жоба, биыл 1 млрд.тг бөлінді. «Азко-Жаңажол» 10 отбасыға үйге су тартуға көмек көрсетеді. Сондай-ақ, серіктестік  Жаңажолда футбол алаңын, спорттық тренажерлер мен балалар алаңын орнатады, деп жазды Құмар Ақсақалов.

Бұдан соң облыс әкімі  Мерген ауылына да барғанын хабарлады.

-Оның айтуынша жергілікті  «Гермес агро» серіктестігінің директоры Сергей Окунев ауылды жаңғыртамын деген уәдесінде тұрып,  әлеуметтік жағдайды жақсартуға ат салысқанын атап өтті.  . Ауылда «Жастар» спорт кешені салынды. Жұмысшыларына 7 жеке үй тұрғызды. Бүгін астық тазалау және кептіру, тұқымды дайындау кешені іске қосылды. Бұл агробизнестің тұрғындар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі, деді құмар Ақсақалов.

Өңір жетекшісі басқа  серіктестіктердің басшыларын    әлеуметтік-экономикалық маңызы бар істерден қалыспай, ауылды дамытуға атс алысуға шақырды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz