Петропавлда биыл отбасында жанжал шығарған мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда биыл отбасының шырқын бұзған 1092 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтар айында дастархан 59 жастағы Петропавл тұрғыны әйелін пышақтап тастаған. Ақпанда сот пробациялық бақылау бекітіп, бұзақының 4 жылға бас бостандығын шектеді. Сондай-ақ, алкогольдік ішімдік ішуге және спирттік ішімдіктер сататын көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салды.

Алайда ер адам жарты жыл ішінде қойылған талаптарды бірнеше рет бұзды. Енді ол жазасының өтелмеген мерзімін түрмеде өткізеді. Петропавл тұрғынының бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Ер адам бұған дейін де бірнеше әкімшілік жауапқа бұзақылық, тыныштықты бұзу және абаттандыру қағидасын бұзу бойынша тартылған екен.

– Тұрмыстық зорлық-зомбылық – бүгінгі күнің өзекті мәселелерінің бірі. Зорлық-зомбылықтың құрбандары үйдегі дау-жанжалды сыртқа шығарғысы келмей, кешіріп жатады. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, мұндай қарым-қатынастың салдары кейін ауыр болуы мүмкін. Жыл басынан Петропавлда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін 1092 адам жауапқа тартылды, — дейді Петропавл қалалық ПБ ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz