СҚО-дағы мектеп асханаларында санитариялық талаптар бұзылған

Авторы: Qyzyljar News

СҚО бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азық-түлік құндылығына, ыстық тағамның теңгерімділігіне, оның ішінде білім беру ұйымдарында рецептураны, тамақ дайындау технологиясын сақтауға мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тікелей эфирде тамақтан уланудың алдын алу, оқушылардың дұрыс және теңгерімді тамақтануы туралы департамент басшысының орынбасары Татьяна Горлова мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл дайын өнімнің 659 сынамасының қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормативтік құжаттамаға сәйкестігі зерттелген. Қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін 11 өнім анықталып, 324 сынама калорияға тексерілді.

— Білім беру ұйымдарындағы 169 асхана тексеріліп, оның 69-да бұзушылықтар анықталды. Жалпы сомасы 9,3 млн. теңгеге 89 айыппұл салынды, — деді Татьяна Горлова.

Ол өткен жылы және 2022 жылдың өткен кезеңінде аймақта білім беру мекемелерінде балалардың тамақтан жаппай улану фактілері тіркелмегенін атап өтті.

Білім беру объектілерінде толтырылған құймақтарды, теңізшілер тәсілімен пісірілген макарондарды, крем жағылған кондитерлік өнімдерді, қаймақ немесе майонез қосылған салаттарды, саңырауқұлақтарды, үйде дайындалған тағамдарды, газдалған, емдік минералды суларды, фастфудтарды, чипстер мен қытырлақ нан, пастерленбеген сүтке, сүзбе мен қаймақ және басқа да бірқатар өнімдерді пайдалануға тыйым салынады.

– Мәзір жасау кезінде балалардың биологиялық құнды заттарға физиологиялық қажеттілігі жетіспейтін фактілер анықталады. Тамақтануды талдау кезінде көптеген мектептерде көмірсутекті тамақтану моделі басым екендігі немесе тағамдардың көлемі мен салмағы азаятыны анықталды, — деді Татьяна Горлова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz