СҚО-да бір күнде екі автокөлік жүргізушісіне полицейлер көмек көрсетті

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да бір күнде екі автокөлік жүргізушісіне полицейлер көмек көрсетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.


Маусымаралық кезеңде Солтүстік Қазақстан жолдарында автокөлік жүргізушілері күтпеген жағдайларға тап болады. 23 қазанда Уәлиханов ауданы аумағында 13 жолаушы мінген Volkswagen Bus көлігінің жүргізушісі жолды қысқартпақ болып, төте жолға түскен.

Түнде жауған қар еріп, батпаққа айналып, шағын автобус батып қалған. Жолшыбай өтіп бара жатқан жеңіл көліктегі ауыл тұрғыны жолда қалған адамға Ақбұлақ ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторының нөмірін берген. Қоңырау қабылдаған полиция капитаны Серік Әмірбеков жергілікті ЖШС-лардың бірі – “Орда Солтүстік KZ” басшысына жүгінген. Ол трактор жіберіп, жүргізуші Берік Макимовтің Volkswagen көлігін бірнеше шақырым жердегі жолға жеткізіп салды.

– Автокөлік иелерінен, әсіресе маусымаралық кезеңде жолға шығуды жоспарлауға аса сақтықпен қарауды, күтілетін көктайғаққа дайын болу үшін ауа райы болжамы мен төтенше жағдайлар қызметі жолдайтын ескертулерді қадағалап отыруды сұраймыз. Көлік құралының техникалық жағдайын қадағалап отырып, жөндеуге қажетті құрал-саймандарды, тростар, толық қуатталған телефондар, жылы киімдерді бірге алып жүрген дұрыс, — дейді СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі Уәлихан Оразалин.

Сол күні Жезқазған – Петропавл тас жолында Приишимка мен Водопроводное ауылдарының арасында кішкентай баласымен жолға шыққан отбасының Нива автокөлігі сынып қалған. Адамдар күн суықта көлік салонында үсіп қалудан қауіптенген. Абырой болғанда, патрульдік машина келіп, ондағы батальон қызметкерлері Мереке Омаров пен Денис Геккель қызметтік көлікте жылынуға мүмкіндік жасаған. Бұл уақытта ППБ бірінші взвод командирі аға лейтенант Нұрсұлтан Аушахманов те келіп, ол болса Нива көлігін тіркеуге алып, 40 километр жердегі облыс орталығына жеткізген.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz