СҚО-да жылына 9 мың литр сүт өндіретін ірі ферма іске қосылды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында 2 мыңға жуық сиырға арналған өңірдегі ең ірі сүт фермасы ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірдегі алғашқы мегаферма Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда орналасқан. Жаңа іске қосылған нысанның жұмысын СҚО әкімі Құмар Ақсақалов барып көрді. Бұл жайында ол әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды.

– Облыста ауыл шаруашылығында жаңа кешендерді іске қосу жалғасуда. Ғабит Мүсірепов ауданында 1,8 мың басқа арналған «Возвышенка СК» ЖШС-нің мегафермасы іске қосылды. Жобаның құны — 4,5 млрд теңге. 30 тұрақты жұмыс орны ашылды, кейін 60 дейін жеткізілмек. Бұл өңірдегі ең үлкен сүт фермасы және республикадағы ең ірі фермалардың бірі. Толық қуатына шыққанда кәсіпорын жылына 9 мың тонна сүт өндіреді. Қарапайым тілмен айтсақ, мегаферма бір жыл бойы 30 мың адамды сүтпен қамтамасыз ете алады, — деп жазды Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімінің айтуынша, Ғ.Мүсірепов ауданында 5 жыл бұрын 3 сүт фермасы ғана жұмыс істеген. Бүгін таңда мұнда алтыншы ферма іске қосылды. Осы аудандағы екі шаруашылықта екі ферма салынып жатыр, жақында тағы екеуінің құрылысы басталмақ. Осылайша мұндағы сүт фермаларының саны 10-ға жетпек.

– Биыл Қазақстанда 35 өнеркәсіптік сүт фермасының құрылысы жүргізілуде, оның ішінде тек біздің облыста 17 сүт фермасы салынып жатыр. Яғни, құрылысы жүріп жатқан сүт фермаларының тең жартысы солтүстік өңірде. Жыл соңына дейін 8 ферма іске қосылады. Жалпы биыл облыста ауыл шаруашылығы саласында 81,9 млрд теңгенің 33 инвестжобасы жүзеге асырылуда. Автоматтандырылған және цифрлық ферма өнімділікті айтарлықтай өсіреді. Егер ескі фермаларда жылына бір бас 3 мың литр сүт берсе, заманауи фермаларда бұл көрсеткіш 7-8 мың литрге жетеді. Осылайша, цифрлық технологиялар өнімділікті 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік бермек, — деді Құмар Ақсақалов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz