Тимур Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен СҚО әкімінің бұрынғы орынбасары Сұлтанғазиев Тимур Сламжанұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық медицина университетiн, Tulane University (АҚШ) бiтiрген. Еңбек жолын 2005 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің №1 қалыпты анатомия кафедрасының зертханашысы болып бастады.

2010 жылы – «Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығы» АҚ білім бөлімінің жетекші маманы, маркетинг және стратегия бөлімі бас маманының міндетін атқарушы қызметін атқарса, 2010-2013 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Инновация және технологиялық трансферт департаментiнде жұмыс істеді.

2018-2020 жылдары Тимур Сламжанұлы Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарса, 2021-2022 жылдары СҚО әкімінің жұмыспен қамту және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі орынбасары болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz