Қазақстанда сайлауда онлайн дауыс беру мүмкіндігі зерттеліп жатыр

Авторы: Qyzyljar News

Сайлауда Қазақстан азаматының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, онлайн дауыс беру мүмкіндігі зерттеліп жатыр, бұл заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің жұмыс тобының мүшесі, Qamqor plus мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нияз Сүндеталиев қазақстандықтардың жекелеген санаттарына онлайн дауыс беру мүмкіндігін беруді ұсынды.

Азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, онлайн дауыс беру механизмін әзірлеу және енгізу ұсынысы зерделенуде, ол заңнаманы өзгертуді талап етеді, оны бөлек пысықтау қажет,- деді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, жұмыс тобының мүшелерінен барлығы 30 ұсыныс түскен. Олардың кейбіреулері дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтауға, сондай-ақ сайлауды қамтамасыз етуге мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, еріктілер мен сурдоаудармашыларды тарту жөніндегі ұсыныстар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz