CҚО-да есірткі саудасына қатысты жазаланғандардың төрттен бірі – 23-ке дейінгі жастар

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері заңсыз есірткі айналымына байланысты 112 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, соның 25-і – 17 мен 23 жас аралығындағы жастар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО қоғамдық кеңесінде нашақорлықтың алдын алу мәселесі көтерілді. Облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзидидің айтуынша, өңірде 2022- 2023 жылдарға арналған есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу шараларын жетілдіру жөніндегі Жол картасы бар. Сол бойынша жыл басынан бері 410 профилактикалық іс-шара өткізіліп, оған 50 мыңнан астам адам қатысқан.

– Ресми статистика көрсеткендей, есірткі тұтынушының әрі есірткі таратушының жасы едәуір жасарған. Егер 10-12 жыл бұрын есірткі сатушы немесе есірткі тұтынушы 30-40 жас аралығындағы көзге үйреншікті қылмыскер болса, қазіргі уақытта бұл әртүрлі әлеуметтік топтағы және 15 пен 25 жас аралығындағы жастар. Мысалы, 2022 жылдың 9 айында есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін 112 адам, оның ішінде 17 мен 23 жас аралығындағы 25 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, былтыр ұқсас кезеңде осы жастағы 7 адам ғана ұсталған, — дейді Иван Терзиди.

Маманның айтуынша осы себепті бүгінгі күні нашақорлықтың алдын алудың мақсатты аудиториясы – жастар болып отыр. Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде биыл кәмелетке толмағандар арасында есірткіні мөлшерден асыра қабылдау фактілерін тіркеу өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 50 % төмендеді.

– Осы жұмыс барысында кездесетін проблеманы атап өткім келеді. Бұл СҚО-да синтетикалық препараттарға сараптама жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы, салдарынан бұл Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жұмысын қиындатады, яғни синтетикалық есірткіні таратқаны үшін ұсталған адамдардың жауапкершіліктен бас тарту бөлігі. Осыған байланысты «Фурье» масс-спектрометриялық детекторы бар газ хроматогрофын сатып алу қажет, — дейді Иван Терзиди.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz