Петропавлда киокушинкай каратэден «SUNKAR» ашық халықаралық Еуразия Кубогы» турнирі өтті. Оған 6 елден келген спортшылар қатысты. Республика күніне орай ұйымдастырылған жарыс екі күнге созылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz
Каратэ турниріне Кувейт, Беларусь, Сирия, Өзбекстан, Ресей, Қазақстан сияқты түрлі елдердің командалары қатысты. Жарысқа барлығы 1523 спортшы келген.
— «SUNKAR» Еуразия Кубогы Халықаралық турнирі Петропавл қаласында өтті. Бұл жарыс 19 жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Қазірдің өзінде Ресей мен Қазақстан арасында кезектесіп өткізіп жүрміз, яғни бір жылды Ресей, бір жылы Қазақстан ұйымдастырады,- дейді Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымының президенті Тәжімұрат Найзабеков
Турнирдің ең жас қатысушысы 7 жаста болса ең үлкені 70 жаста. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар кубоктармен және медальдармен марапатталды.