СҚО-да биыл мас жүргізушілердің кесірінен 5 адам қаза тапты

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері мыңға жуық мас жүргізушісі ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде жыл басынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен 16 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 5 адам қаза тапты, 16-сы жарақаттанды.

– Мас күйде көлік басқару жағдайларына жол бермеу – жол қауіпсіздігін нығайтудағы маңызды міндеттердің бірі. Мұндай фактілер жүргізушілер тәртібін арттыруға бағытталған рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында анықталады. Естеріңізге саламыз: мас күйде көлік тізгіндегені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған. Мас күйде көлік жүргізу – барлық жол қозғалысына қатысушылардың денсаулықтары мен өмірлері үшін аса қауіпті. Аталған фактілерге жол бермеуге бағытталған жұмыстар ұдайы жүргізілуде, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Мәселен, облыста өткен бір апталық «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ішімдік ішіп рульге отырған 38 адам ұсталды. Ал жыл басынан бері облыста жол қауіпсіздігі бойынша 9 жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды, нәтижесінде 981 мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz