Петропавлда киокушинкай каратэден халықаралық турнир өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда киокушинкай каратэден «SUNKAR» ашық халықаралық Еуразия Кубогы» турнирі өтті. Оған 6 елден келген спортшылар қатысты. Республика күніне орай ұйымдастырылған жарыс екі күнге созылды,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Каратэ турниріне Кувейт, Беларусь, Сирия, Өзбекстан, Ресей, Қазақстан сияқты түрлі елдердің командалары қатысты. Жарысқа барлығы 1523 спортшы келген.

— «SUNKAR» Еуразия Кубогы Халықаралық турнирі Петропавл қаласында өтті. Бұл жарыс 19 жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Қазірдің өзінде Ресей мен Қазақстан арасында кезектесіп өткізіп жүрміз, яғни бір жылды Ресей, бір жылы Қазақстан ұйымдастырады,- дейді Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымының президенті Тәжімұрат Найзабеков

Турнирдің ең жас қатысушысы 7 жаста болса ең үлкені 70 жаста. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz