Трансұлттық ұйымдасқан топ құрды деп айыпталған СҚО-ның 4 тұрғынын сот ақтап шықты

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы жеңіл көліктер контрабандасымен айналысып, трансұлттық ұйымдасқан топ құрды деп айыпталған төрт адамды ақтап шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда 4 ер адам Қазақстанға Ресей арқылы Жапониядан қымбат автокөліктерді қосалқы бөлшек ретінде заңсыз тасымалдады деп айыпталған еді. Бірақ, күдіктілердің кінәсі толық дәлелденбей, олар биыл ақпан айында сот залынан босап шықты. СҚО сотының мәліметінше, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы қылмыстық істі қайта қарады.

Прокурор айыптауды талап етіп, азаматтарды сотқа берілген қылмыстар бойынша кінәлі деп тануға және бар мүлкін тәркілеп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға өтініш білдірді.Сот алқасы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сонымен қатар, алқа көлік құралдарының басым көпшілігі қосалқы бөлшек түрінде «Мегатрон» ЖШС-не салықтан жалтару мақсатында кедендік құны төмендетіліп әкелінгенін анықтады.

Бұл туралы СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті жеке қаулымен хабарланды. Азаматтардың жасаған қылмыстар ауырлығы орташа санатқа жататынын, олардың алғаш рет сотталғандығын, жас балаларының болуын, оң сипаттамаларын ескере отырып, сот оларға бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындады. Осылайша, күдіктілерге бас бостандығын шектеу және қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері негізінде сотталушылар тағайындалған жазадан босатылды. Жеке тұлғалардан алынған көлік құралдары бойынша оларды қайтару туралы шешім қабылданды

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz