Петропавлдағы ескерткіштер қашан жөнделеді

Авторы: Qyzyljar News

Бүгінде Жеңіс саябағы –Петропавлдағы ең көрікті жерлердің бірі.  Онда достарыңызбен серуендеп қана қоймай, бүкіл отбасыңызбен Есіл жағалауын тамашалауға, ал қыста сноуборд теуіп, аққала соғуға барасыз. Зәулім арка мен шамдар, әдемі орындықтар, бәрі де қала тұрғындары мен қонақтарының иглігі үшін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 


Сондай-ақ, саябақта Ұлы Отан соғысына арналған көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер бар. 2015 жылы мұнда ауқымды жұмыстар жүргізіліп, қалпына келтірілді.  9 ақпараттық пилон орнатылды. Биіктігі 4,5 метр болатын   ескерткіш қойылды. Сондай-ақ, солтүстікқазақстандық батырлардың есімдері жазылған тақталар орнатылды.

Бірақ, бір өкініштісі  қазіргі күні олардың көбі жөндеуді қажет етеді. Солардың бірі-Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің құрметіне орнатылған обелиск.

Ескерткіштің қаптамасы қирап, плиткалары құлап жатыр.Биік ескерткіштің жүдеу күйі қала тұрғындарының көңіліне қаяу салатыны жасырын емес.

— Мен осы маңда- қаланың 20-сыншы шағын ауданында тұрамын. Кешкісін достарыммен серуендеп, ит жүгіртемін. Ескерткіш жартылай қираған, көңілге кірбің ұялатады.  Өкініштісі, күтім жоқ, ешкім назар аудармайды, ешкімге керегі жоқ секілді. Бұл жеңіс туралы естелік, ал мерекеге аз ғана уақыт қалды, — дейді қала тұрғыны Камилла Ахметова.

Петропавл әкімдігінде 9 мамырға дайындық қызу жүріп жатқанын хабарлады. Жеңіс мерекесіне орай барлық ескерткіштерге, обелисктерге, майдангерлер жерленген орындарда тексеру жүргізілді.

— 1 сәуірден бастап ескерткіштерге, обелисктерге, жерлеу орындары тексерілді.  Оның нәтижелері бойынша 22 объектіге ағымдағы жөндеу қажет. Нақты айтқанда, Жеңіс стелласы, Даңқ обелискі, «Мәңгілік алау» мемориалы, Настя Прокопичева ескерткіші, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған монумент, аза тұту қабырғасы, Венгр-большевиктерінің бауырластар зираты, сондай-ақ Жеңіс саябағында орналасқан нысандар қалпына келтіріледі, деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибуллин.

Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары 11 сәуірде басталды, 25 сәуірге дейін аяқталмақ.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz