Петропавлда «Street Workout» бойынша жарыс ұйымдастырылды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда «Street Workout» бойынша жарыс ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты – жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, жас таланттарды анықтау және жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Спорттық жарыс облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Петропавл қаласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы, М.Қозыбаев атындағы СҚУ мен «Street Workout» ұйымының жергілікті өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.  Жарыс университеттің гимнастика залында өтті. Турнирге Алматы, Көкшетау, Щучинск, Петропавл және Ресейдің Омбы қаласынан 40-қа жуық спортшы жиналды.

– Көкшетау қаласынан 15 кәсіби спортшы әкелдім, көбі финалға өтті. Ұйымдастырушыларға осындай жарыс ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын. Мұндай турнирлерді көбірек өткізу керек, өйткені спортпен тұрғындар неғұрлым көп шұғылданса, денсаулықтары соғұрлым мықты болады, – деді Ақмола облысындағы «Street Workout» ұйымының жетекшісі Имран Ибрагимов. 

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар кубоктармен, ақшалай сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz