Петропавлдағы Ұлттық ұланның 6637 әскери бөліміне 60 жыл толды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы әскери бөлімнің 60 жылдығына орай Жастар сарайында салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жиында облыс әкімінің қорғаныс және әскери қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Дәулет Толыбай жастар мен ардагерлерді айтулы күнмен құттықтады.

– Соңғы 30 жыл ішінде әскери бөлімінің жауынгерлік қызметі біздің жас, қарқынды дамып келе жатқан тәуелсіз мемлекетіміздің тарихымен тығыз байланысты. СҚО басшылығы мен өз атымнан әскери бөлімінің барлық жеке құрамы мен ардагерлерін осы айтулы күнмен құттықтаймын. Сіздерге жақсылық, бақыт пен денсаулық тілеймін. Еліміз өркендеуі үшін жауынгерлік қызметте табыс тілеймін,- деді СҚО әкімінің қорғаныс және әскери қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Дәулет Толыбай.

Жиын барысында сала ардагерлері әскери бөлімнің үздік қызметкерлері Ұлттық ұлан бас қолбасшысының медалімен марапатталды. Жалпы әскери бөлімнің мерейтойына арналған жиында 150-ге жуық адам түрлі дәрежедегі марапатқа ие болды.

–  Бүгінгі таңда 6637 әскери бөлімінің жеке құрамы жауынгерлік дәстүрді ұстана отырып қызметтік міндеттерін атқарып, бейбіт елдің тыныштығын күзетуде. Еліміздің тыныштығын СҚО-да бақылайтын әскери құрамға жедел мақсаттағы батальон, атқыштар ротасы мен «Бүркіт» бөлімшелері кіреді, — деді 6637 әскери бөлім командирінің орынбасары Мақсат Мұқаев.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz