Қазақстан халқының жерге құқығы заң бойынша бекітілді  

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Құжаттың мақсаты — сайлау жүйесін жетілдіру, заң шығару процестерін нормативтік құқықтық реттеуді дамыту, биліктің мемлекеттік тармақтары арасындағы тежеу мен тепе-теңдік жүйесін күшейту, салалық заңдардың ережелерін Конституцияның новеллаларымен корреляциялау.

Бұл ретте Заң жобасында 15 кодекске, 46 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасының негізгі міндеттері:

жергілікті атқарушы органдарға қатысты ел Президентінің жекелеген өкілеттіктерін жою;

Қазақстан халқының жерге меншік құқығын заңнамалық бекіту;

саяси партиялардың қызметін дамытудың бәсекелестік мүмкіндіктерін кеңейту;

құқық қорғау тетіктерін нығайту және тәуелсіздікті күшейту;

сайлау процесін жаңғырту;

заң шығару рәсімдеріндегі Үкіметтің өкілеттіктерін өзгерту.

Бұл ретте заң жобасын іске асыру мемлекеттің демократиялық институттарының серпінді дамуын қамтамасыз етуге және халықтың мемлекеттік органдар мен саяси құрылымдарға деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сенат депутаттары заң жобасын қабылдауды қолдады. Осылайша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды деп есептеледі және Президентке қол қоюға жіберіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz