Петропавлда үйде жалғыз қалған 4 жасар бала бесінші қабаттан құлап кете жаздады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда полицейлер 4 жасар бүлдіршіннің өміріне араша түсіп, оның бесінші қабаттағы терезеден құлап кетуіне жол бермеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Сергей Земский мен Ерболат Қожахметов түскі үзіліске шыққан. Олар Володарский көшесімен өтіп бара жатып, бесінші қабаттағы ашық тұрған терезенің жақтауында түрегеп тұрған баланы байқап қалды.

Полицейлер оқыс оқиғаның алдын алу үшін баламен сөйлесіп, оны пәтерге кіруге көндіреді. Бүлдіршіннің терезені жапқанына көз жеткізген тәртіп сақшылары жоғары көтеріліп, пәтерді анықтады. Ондағы ой – ата-анасы келгенге дейін баланы есіктің сыртынан болсын алдандырып, терезеге жақындауына жол бермеу.

Оқиға орнына олар ювеналдық полиция қызметкерін шақырып, көршілері арқылы ер баланың ата-анасының телефон нөмірін тауып, хабар берген. 4 жасар баланың анасы өзіне мүгедектік ресімдемек болған. Сондықтан ересектердің екеуі де баланы жалғыз қалдырып, ауруханаға кеткен.

– Ата-анамен профилактикалық әңгіме жүргізілді, сонымен бірге терезеге толық ашылмауы үшін бекіткіштер орнатуды ұсындық. Мұны үйінде кішкентай балалары бар барлық адамдар қоюы керек. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен құтқарушылар қауіпсіздік шараларын үнемі еске салып отырады. Мысалы, терезенің жанына орындықтар мен бала терезеге көтеріле алатын басқа да заттарды қоюға болмайды. Сақ болыңыздар және балаларды қараусыз жалғыз қалдырмаңыздар, – деді Ерболат Қожахметов.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz