СҚО полицейлері синтетикалық есірткі жасырушыны ұстады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері кезекті синтетикалық есірткі жасырушыны ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавлдағы таныстарында және жалдамалы пәтерде тұрып жүрген, облыс аудандарының бірінің 25 жастағы есірткіге тәуелді тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде қара изолентамен оралған, кристалл тәріздес зат салынған 15 орама алынды. Тағы 25 түйіншек тұрып жатқан екінші мекенжайынан анықталды.

Сараптама алынған заттың α-PvP – «тұз» деп аталатын синтетикалық есірткі екендігін көрсетті. Жалпы салмағы 32,3 грамды құрады, бұл аса ірі көлемге жатады.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жас жігіт шілде айынан «есірткі жасыруды» ұйымдастыру жолымен есірткі таратты деп күдіктеліп жатыр.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz