Петропавлда апат салдарынан құбыры зақымданған көпқабатты үйлердің аулаларына су тасымалданады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, М. Жұмабаев, Абай, Интернационал, Бөкетов және Н. Назарбаев көшелерінде орналасқан 14 тұрғын үйге су беру уақытша тоқтатылды.
— Қаладағы сумен жабдықтау қысымы қалпына келтірілуде. Мамандар су құбырындағы ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізуде,-деп хабарлады қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз қызметі.
«Қызылжар Су» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, апатты жоюдың болжамды мерзімі- 7 қараша сағат 18:00-ге жоспарланған. Осы уақыт дейін аулаларға су тасымалданатын болады.