Облыстық онкологиялық орталыққа биыл 4 маман келді. Келген кадрлардың қатарында онколог, анестезиолог, реаниматолог және химиотерапевт дәрігерлер бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Осындай қолдау шаралары өңірдің медицина саласына кадр тарту және олардың тұрақтап қалуына ықпал ету мақсатында жасалып отыр. Дегенмен де, облыстық көпбейінді аурухананың онкология блогына тағы да 5 маман қажет. Облыстық көпбейінді аурухананың онкология блогының жетекшісі Жәдігер Дүйсеновтің айтуынша, кадр тарту мақсатында медициналық жоғары оқу орындарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Онкологиялық орталықта қазіргі уақытта 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Соның 50-і – дәрігерлер.
Облыстық онкологиялық орталыққа жас мамандар келді
295
алдыңғы жаңалық