Петропавлда таныстарын алдап, 7 млн. теңгені иемденген алаяқ сотталды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда таныстарын алдап, 7 млн. теңгені иемденген алаяқ сотталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавлдың 24 жастағы тұрғыны 2018 жылдан бері түрлі сылтау айтып, өз таныстарынан ақша алып келген. Біреуінен шетел банкінде қомақты қаражаты барын, ол ақшаны шешу үшін міндетті төлем мен өсімпұл төлеу қажет екендігін айтып қарыз алса, келесі біреуінен көлігін жөндеуге, кейін басқасын алуға, оны қайта тіркеуге қарызға ақша сұраған. Танысының бірінің банк реквизиттерін және қосымшасының құпия сөзін алған, бұл алаяқтың несие ресімдеуіне мүмкіндік берген. Тіпті 2021 жылы тағы бір танысынан туысын жерлеу рәсіміне деп ақша сұраған. Алаяқ барлығы жеті адамды алдағаны белгілі болды. Келтірілген шығын 7 млн. теңгеден асады.

– Тергеу барысында қаскөй алаяқтық жолмен тапқан ақшасын құмар ойынға жұмсағанын айтты. Ойнаған сайын қарызы көбейе түскен, бұл оны жақын таныстарының қаржылай және құқықтық сауатсыздықтарын пайдаланып, ақша алудың жаңа айла-амалдарын ойластыруға итермелеген. Қазіргі уақытта ол 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуде. Қаржы мәселесіне келгенде аса абай болуға кеңес береміз, құпия деректеріңізді ешкіммен бөліспеңіздер, – дейді Петропавл қаласы ПБ тергеу бөлімінің бастығы Нұржан Омаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz