СҚО-да жол-көлік оқиғасынан алты адам зардап шекті

Авторы: Qyzyljar News

Демалыс күндері облыс жолдарында 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан алты адам зардап шекті. Бұдан бөлек, “102” пультіне жол-көлік оқиғалары туралы 20-ға жуық қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Ауа райының нашарлауына, температураның төмендеуіне, жауын-шашын мен қатқаққа байланысты жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау, доңғалақтарды уақытылы ауыстыру және көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылап отыру қажет. Тайғақ және қарлы жолмен жүру ережелерін сақтау сіздің көлігіңізді ғана емес, сонымен қатар қозғалыстың барлық қатысушыларының денсаулығы мен өмірін де сақтайды, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жалпы, 11 айда СҚО жолдарында 258 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 42 адам қайтыс болып, 365 адам түрлі жарақаттар алған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz