Петропавлда 7 қарашада су құбыры жөнделіп, 13 үйге су қайта берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
6 қарашада Жұмабаев-Абай көшелерінің қиылысында су құбырының зақымдануына байланысты апат болды. 14 үйге су беру уақытша тоқтатылып, қала бойынша судың қысымы төмендегені белгілі болды. Бір сағат ішінде қала бойынша су қысымы қалыпқа келіп, апатты жою кезеңінде «Қызылжар Су» ЖШС үйлерге су тасымалдауды ұйымдастырды. «Қызылжар су» зақымданған учаскені жөндеп, 7 қарашада таңғы сағат 06:00-де 13 үйге су берілді. Кешке соңғы үйдің құбыры жөнделіп, су қосылды.