Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілері Мамлютка қаласы мектептерінің оқушыларымен кездесу өткізді

Авторы: Qyzyljar News

8 қарашада академия бастығының орынбасары полковник Қайрат Токиннің басшылығымен Мамлютка орта мектеп-интернаты базасында Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілері жоғары сынып оқушыларына арнап әскери танымдық дәріс өткізді , деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Іс-шара акт залындағы концерттен басталып, онда академияның әскери оркестрі мен оның солистері оқушыларға арнап өнер көрсетті. Бұдан кейін полковник Қайрат Токин Ұлттық ұлан Академиясының қалыптасу тарихы мен жетістіктері туралы баяндама жасады. Кейін оқушылар үшін әскерилендірілген эстафета, әскери техника мен атыс қаруын көрсету ұйымдастырылды. Оқушылар атыс қаруын бөлшектеу мен құрастыруды өз бетінше жүзеге асырып, нағыз жауынгерлік машиналардың рөліне отыра алды.

Балаларға арнаған сөзінде полковник Қайрат Токин жас патриоттарға әрқашан алға қойған мақсаттарына қол жеткізуді, оқу мен спорттағы жеңістерге ұмтылуды, өз елінің патриоттары мен лайықты азаматтары болуға шақырды.Өз кезегінде оқушылар аталған іс-шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін әскери қызметшілерге алғыстарын білдірді.

Фото: Ұлттық ұлан академиясының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz