Қазақстанда электронды темекі балаларға сатылмауы мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекет басшысы Атырау облысының жұртшылығымен кездесуде электронды темекіге оқушылар да әуестеніп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Біз бүкіл қоғам болып есірткіге қарсы табанды түрде күресуге тиіспіз. Бұл ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін өте маңызды. Жастардың жат қылыққа бой алдыруына жол бермеуіміз керек. Қазір ересектердің ермегіне айналған электронды темекіге оқушылар да әуестеніп барады. Мұндай темекіні балалар дүкеннен еш кедергісіз сатып алады. Бұл – қауіпті жағдай, -деді Мемлекет басшысы Атырау облысының жұртшылығымен кездесуде.

Бұдан соң, ол елімізде алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға тыйым салынғанын еске салды. Бірақ бұл талап іс жүзінде орындала бермейтінін атап өтті. Осы себепті құзырлы органдарға бақылауды күшейтуді тапсырды.

– Қоғамда энергетикалық сусындарды жастарға сатуға тыйым салу қажеттігі жиі айтылады. Үкімет бұл мәселені мұқият зерделеп, нақты шешім қабылдауы керек. Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзі бар. Біз ұрпақтың денсаулығын және тәрбиесін бүгін ойламасақ, ертең кеш болуы мүмкін, деді Президент

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz