Еліміздің ішкі нарығында ағымдағы жылдың қазан айында көмір өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 10,9% — ға қымбаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңірлік бөліністе көмір бағасының өсуін Ұлытау облысының тұрғындары қатты сезінді. Мұнда қара отынның бағасы жылына бірден 57,4% — ға өскен. Антилидерлердің үштігіне Абай (плюс жылына 18,6%) және Солтүстік Қазақстан (плюс 18,5%) облыстары кірді.
Бағаның ең төмен жылдық өсуі Қызылорда облысында тіркелді. Батыс Қазақстан облысында көмір бағасы өзгеріссіз қалды.