Петропавл 2-ЖЭО жұмысшысы алған жарақатынан қаза болды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда 2-ЖЭО-да жарақат алған 21 жастағы жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, 5 қараша күні Петропавлдың 2- ЖЭО аумағында жұмыс орнында 21 жастағы монолитші жарақат алған. Ер адам медициналық мекемеге жатқызылғанымен 7 қараша күні көз жұмды. Сол күні аталған қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігіне ауыстырылды.

– Қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.Тергеу барысында өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалардың кінәсі айқындалатын болады, — делінген полиция хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz