СҚО тұрғыны сақинаның кесірінен саусақсыз қала жаздады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО тұрғыны керамикалық сақинаның кесірінен саусағынан айырыла жаздады. 43 жастағы ер адам құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, таңертең 112-ге әйел ұлына көмек сұрап қоңырау шалған. Оның айтуынша, ер адамның саусағы керамикалық сақинаның кесірінен ісіп кеткен.

— Тез арада «операциялық үстел» дайындалып сақинаны саусақтан құрал саймандардың көмегімен шешіп алуға кірістік. Шынашағының ісіп кеткені соншалық, қауіпсіздік үшін жұқа пластиктен жасалған тақтайшаны сырғытып, әбден қиналуға тура келді. Кесіп ала алмағандықтан, сындыруға тура келді, — деді құтқарушы Нұрболат Айсин.
Жалпы, жыл басынан бері құтқарушылар сақинасын шеше алмай қиналған 10 адамға көмектескен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz