Петропавлда президенттік көпсайыстан жарыс өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы спорт сарайында көпсайыстан Қазақстан Республикасы президентінің кубогы өтті. Жүлделер үшін шайқасқа 8 командадан 100-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

4 күн бойы 11 мен 70 жас аралығындағы спортшылар өз күштерін бірнеше спорт түрінен яғни, қысқа қашықтыққа жүгіру, жүзу, пневматикалық мылтықпен ату, снаряд лақтыру және шыдамдылыққа жүгіру бойынша өз бақтарын сынады.

– Шараның басты мақсаты – жас өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие көрсету. Сонымен қатар, президенттік сынақты ары қарай дамытып, соны жоғары деңгейге көтеру. Бұл жарысты жастарымыз осы спортпен айналыссын деген ниетте өткізіп отырмыз,- дейді жарыстың төрешісі Нұрлан Құрманғазин.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар дипломдар, грамоталар және медальдармен марапатталды. Жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінген командаға кубок табыс етілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz