СҚО әкімі азаматтарды қабылдады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімінің қабылдауында болған 3-ші топтағы мүгедек Александра Липаева бірнеше жылдан бері тұрақты жұмысқа орналаса алмай жүргенін жеткізді. 25 жастағы петропавлдықтың базынасын тыңдаған Құмар Ақсақалов мәселені шешетіндігін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Жұмыспен қамту орталығына жүгіндім. Олар мені қоғамдық жұмысқа ғана орналастыратындарын жеткізді. Оның өзі 28 желтоқсанға дейін ғана созылады. Кейін тағы бос орын іздеуім керек болады. Сізге осы мәселені шешіп берсеңіз екен деймін. Тұрақты жұмысқа тұрғым келеді. Маған жарты айлық болса да жетеді. Өйткені, мен спортпен шұғылданамын. Оны да тастағым келмейді,- деді Александра Липаева.

Александраның спортта да жетістіктері жоқ емес. Ол талай байрақты бәсекелерде өңір намысын қолдан бермеген. Нәзікжандының базынасын тыңдаған өңір жетекшісі оның осынша белсенділігіне тәнті болып, міндетті түрде жұмыс мәселесін шешіп беретіндігін айтты.

–Мүмкіндігіңіз шектеулі болғанына қарамастан спортпен шұғылданып, жетістіктерге жетуіңіз көпшілікке үлгі. Көптеген жарымжан жандар өкінішке орай отырып қалады. Әрине мәселеңізді шешеміз. Қала әкімі мен спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысына тез арада тиісті бос орынды тауып, сізді тұрақты түрде екі қолға бір күрекпен қамтуды тапсырамын,- деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов

Жиынға қатысқан спорт және дене шынықтыру басқармасындағылар оның жетістіктерін ескеріп, степендия төлеу жағын да қарастырып жатқандығын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz