СҚО полицейлері автокөліктің жүксалғышынан 12 пышақ тәркіледі

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері автокөліктің жүксалғышынан 12 пышақ тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі

9 қарашаға қараған түні Жезқазған – Петропавл автожолының 949-шақырымында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушісі солға бұрылу жол белгісінің талабын бұзған Volkswagen автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші Петропавл қаласының 36 жастағы тұрғынында сақтандыру полисі жоғы анықталды. Полицейлер одан әрі тексеру кезінде жүксалғыштан 12 пышақ салынған сөмкені тапты. Жүргізуші мен оның екі жолаушысы қасапшы екендерін айтты. Пышақтар алынып, сараптамаға жіберілді. Егер сараптама нәтижесі бойынша осы пышақтар суық қару деп танылса, ер адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Аталған факті СҚО аумағында бастау алған “Құқықтық тәртіп” ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде анықталды. Жолдарды тексеру, есепте тұрған адамдарды аралау, көші-қон заңнамасын сақтау – жедел-профилактикалық іс-шара аясында заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйіне тікелей әсер ететін бағыттар бойынша барлық полиция бөліністерінің жұмысы күшейтілді. Жедел-профилактикалық іс-шара алғашқы күнінде полицейлер 650-ден астам есепте тұрған адамды, 400-ге жуық қараусыз қалған үйді, 100-ге тарта жалға берілетін пәтерді тексерді.

– Күшейтілген тексеріс нәтижесінде іздеуде жүрген төрт адамды ұстау мүмкін болды. Сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 99 фактісі, тұрмыс саласында 26 құқық бұзушылық, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаудың 15 жағдайы, қорғау ұйғарымын бұзудың 4 фактісі анықталды. Масаң күйде болған 6 жүргізуші ұсталды, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz