CҚО-да  түрмеде төбелес болып, бір адам көз жұмды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында орналасқан №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде сотталғандар арасында төбелес болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 – 9 қараша күні №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде сотталған екі адам арасында төбелес болған. Төбелес кезінде сотталғандардың бірі екіншісінің басын болжам бойынша балғамен бірнеше рет ұрған. Салдарынан 46 жастағы сотталушы Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол есін жимастан көз жұмды, — делінген хабарламада.

Бұл факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Ұсталған адам Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz