Петропавлда көлік жүргізушісі аялдамада тұрған төрт адамды соқты

Авторы: Qyzyljar News

13 қазанда Петропавл қаласының Панфилов көшесі бойында ВАЗ-2108 автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, аялдамаға соғылған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 43 жастағы қала тұрғыны мен 2010 және 2015 жылдары туған үш бала зардап шекті. Төртеуі де түрлі жарақаттармен жедел жәрдем бригадаларымен қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ВАЗ-2108 автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі ішімдік ішпеген.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жиналған материалдар істің мән-жайын анықтау және процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz