СҚО-да 90-шы жылдардан бері бос тұрған ғимараттардың шамамен 70% — ы қалпына келтірілді

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында он жылдан астам жұмыс істемей тұрған өндірістік ғимараттарды қалпына келтіру жалғасуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобалар бойынша онлайн-турда аймақ басшысы Құмар Ақсақалов ғимараттардың 67% — ы қалпына келтірілгенін хабарлады.

— Біз 90-шы жылдардан бастап қаңқасы қалған бос тұрған ғимараттарды белсенді түрде қалпына келтіріп жатырмыз. Олардың негізінде жаңа жобаларды іске асырамыз. Бес жыл бұрын оларға ревизия жүргізілді. Нысандардың жалпы ауданы шамамен 300 мың шаршы метрді құрады. Тағы 100 мың шаршы метрді қалпына келтіру қажет. Біз елімізде алғашқылардың бірі болып тиісті қаражат бөле отырып, осындай аумақтарды қалпына келтіру жөніндегі арнайы құралды іске асырып жатырмыз. Кәсіпкерлерді осы жұмысқа қосылуға және өз жобаларын іске асыруға шақырамын, — деді Құмар Ақсақалов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz