СҚО-да құрылыс саласында импортты алмастыру қарқыны жоғары

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек онлайн-турда өңірде құрылыс саласында өнімді импортты алмастыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Дәурен Жандарбектің айтуынша, бүгінгі таңда «Бірлік», «Петропавл құрылыс материалдары зауыты», «Блок», «Петропавл металл конструкциялары зауыты» секілді бірқатар құрылыс материалдарын өндіруші компаниялар жұмыс істеп тұр. Биылғы жылдың өзінде қуаттылығы жылына 40 млн кірпіш шығаратын кірпіш зауыты іске қосылды.

— Кірпіш біздің және көршілес облыстардың ірі құрылыс алаңдарында көптеп қолданылады. Жобалық қуатқа шығу кезінде өңірдің кірпішке деген 30% қажеттілігі қамтамасыз етіледі. Материалға үлкен қажеттілік болғандықтан, инвестор өндіріс қуатын арттыруға шешім қабылдады. Процесті автоматтандыру үшін арнайы жабдықтар сатып алу жоспарлануда, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, бұнымен қоса темірбетон бұйымдарын шығаратын екі зауыт ашылып, еден плиталарының, бетон сақиналарының, іргетас блоктарының өндірісі жолға қойылды. Жобаларға салынған инвестициялар сомасы-1 млрд теңгеден асты. Зауыттың қуаттылығы жылына 13 мың тонна дайын өнімді құрайды.

— Ресейлік инвестор біздің сүт-тауар фермалары мен бордақылау алаңдарын салу кезінде қолданылатын жеңіл болат жұқа қабырғалы конструкцияларды өндіру жобасын іске асыруда. «ГОРТЕК.КЗ» ЖШС арнайы әдіспен темірбетон құбырларын өндіру жөніндегі жобаны іске асыру мәселесін пысықтауда. «ДуПраГласс» компаниясы құрылыс мақсатындағы шыны бұйымдарын өндіруді ұйымдастыру мақсатында Мамлютка қаласындағы бұрынғы машина жасау зауытының тоқтап тұрған ғимаратын сатып алмақ, -деді Дәурен Жандарбек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz