Қазақстандықтар Президент сайлауында тіркеусіз дауыс бере алады

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы заңнамасында нақты айтылғандай, уақытша немесе тұрақты тіркелген азаматтар ғана дауыс бере алады. Адамдарды конституциялық құқығынан айырмау үшін еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов 1 күнге тікелей сайлау учаскелерінде тіркелуге мүмкіндік беретін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Bes-media тelegram арнасына сілтеме жасай отырып.

Үкіметтің қаулысымен ішкі мигранттарды тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізілді, бұл азаматтарды сайлау күні сайлау учаскесінде тіркеуге мүмкіндік береді.

— «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайлау құқығын іске асыру және азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу мақсатында тұрғылықты жері, ғимараты немесе үй-жайы меншік иесінің өтініші негізінде тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге жол беріледі, — делінген ішкі мигранттарды тіркеудің жаңартылған ережесінде.

Осылайша, тұрғылықты тіркеуі жоқ қазақстандықтар 20 қарашадағы сайлауда дауыс бере алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz