СҚО полицейлері үш күннің ішінде 11 қару тәркіледі

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері үш күннің ішінде 11 қару тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қызылжар ауданындағы ауылдың учаскелік полиция инспекторы бір күннің ішінде екі ИЖ мылтығын тәркіледі. Екі жағдайда да мылтықтар үй кіреберісінде сақталып келген, бұл ретте біреуінің үйінде кәмелетке толмаған балалары болған. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материалдар жинастырылды. Алынған мылтықтар сараптамаға жіберілді.

– Жалпы жедел-профилактикалық іс-шараның 3 күнінде бір травматикалық тапанша мен тіркелмеген 10 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Қаруды өз еркімен тапсыру ғана жауапкершіліктен босататыны туралы еске саламыз. Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде 1477 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішіндегі 300-ге жуығы – қоғамдық орында ішімдікті ішу немесе масаң күйде жүру фактілері. Тұрмыс саласында 93 құқыққа қайшы факті тіркелді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Жасөспірімдер түнгі уақытта үйден тыс немесе ойын-сауық орындарында жүрген, бұндай 70 факті анықталды. Облыс жолдарында 17 мас жүргізуші ұсталды, – деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

CҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz