Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының курсанты кикбоксингтен Қазақстан кубогының чемпионы атанды

Авторы: Qyzyljar News

2022 жылғы 10-12 қараша аралығында Петропавлда кикбоксингтен Қазақстан кубогы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жарысқа барлығы 12 команда қатысты. СҚО құрама командасының құрамында Ұлттық ұлан академиясының курсанттары да өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 91+ кг салмақ дәрежесінде 4 курс курсанты Бексұлтан Алпысбаев кикбоксингтен Қазақстан кубогының чемпионы атанып, спорт шебері нормативін орындады.

Сондай-ақ, 60 килограмм салмақ дәрежесінде 3 орынды курсант Аймырза Бақытқалиев, 63 килограммда 2 орынды курсант Нұрсұлтан Кәрімханов, 63,5 килограмм салмақ дәрежесінде 3 орынды курсант Исабек Әбілев, 71 кг салмақ дәрежесінде 3 орынды курсант Елдос Аманбай пен 91 килограмм салмақта жұдырықтасқан Досымжан Әмір 3 орынды иеленді. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар, грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz